Хормэ
«Хормэ» - «желдер» (жүйке жүйесінің) ауруларын гармонизациялау үшін тибет дәрігерлерімен ежелден бері қолданылатын емдеу тәсілінің әлемнің басқа да медициналық тәжірибелерінде аналогтары жоқ. 13-ші ғасырдан бастап пайдаланылатын әдіс "Ринченлинг" тибет медицинасының орталығында кешенді терапияның құрамында өзін жақсы жағынан танытқан.
"Хормэ" тибет май массажы шипалы шөптер бар арнайы компресс-қапшықтардың көмегімен тиімді және жұмсақ терапевтикалық әсер етеді. Ересектер мен балалар жылу мен босаңсыту әсерін беретін бұл емшараны жақсы көтереді.
Әдіс қыздыру, тыныштандыру және антиспамзатикалық әсері бар көптеген дәрілік өсімдіктердің құрамдастырылған әсерін үйлестіреді: ақ зімбір, күнзе, мускат жаңғағы, аскөк, зире. Бұл өсімдіктердің ұнтақталған дәндері арнайы зығыр қапшыққа салынып, жылытылған күнжіт немесе қорытылған майға малынады (әсіресе жүйке және жан аурулары кезінде пайдалы) және ыстық компрессті адам денесіндегі рлунг ("желдер") арнайы нүктелеріне басады.
«Хормэ» май-шөп массажы мүшелердің жұмысын жақсартады, қартаюды баяулатады. «Хормэ» жүгізілген соң емделуші өзі сезбей, тыныштық пен тепетеңдіктің керемет жағымды және табиғи сезімін сезе бастайды. Емдеудің әсері ұзаққа бекітіледі, әсіресе басқа әдістермен кешенді түрде емдеген соң – инемен емдеу, нүктелі массаж, жусан сигараларымен қыздыру, стоун терапия. Мұндай емшарадан кейін суық тигізуге, салқын сусындарды ішуге, 4-5 сағат бойы душ қабылдауға болмайды. Әсіресе «Хормэ» әдісі кешкі уақытта, ұйықтар алдында тиімді. Бұрынғы үйреншікті шүйгіншөпті және басқа да седативті дәрілерді, оның ішінде күшті антидепрессанттар мен транквилизаторларды оп-оңай ұмытуға болады.
«Хормэ» келесі аурулар кезінде қолданылады
- жүйке, жүрек-қан тамыры, несеп-жыныстық, ас қорыту жүйелері (неврит, невралгия, ұйқысыздық, вегетативтік қан тамырлы дистония, кекештену)
- гипертония, гипотония, жүректің ишемиялық ауруы
- пиелонефрит, цистит, нефроптоз, уретрит
- панкреатит, гепатит, гастрит, ойық жаралы колит