Моксотерапия
Моксотерапия – бұл биологиялық белсенді нүктелер аймағында бықсып жатқан сигараның әсер етуіне негізделетін, көне шығыс емдеу әдістерінің бірі. Мұндай емшара ағзаны жалпы сауықтыруға себептеседі және ішкі мүшелердің жұмыс істеуін қалпына келтіреді. Бықсып жатқан сигара – мокса, сигара немесе конус түрінде жасалған, оны дайындау үшін жусан, арша, теректің жапырақтары немесе сығымдалған көмір пайдаланылады. Жусанның таңғаларлық қасиеттерін анықтап, тибет және қытай емшілері оларды моксотерапия әдісінде қолдана бастады.
Бүгінде басқа да өсімдіктен жасалған сигаралар пайдаланылады. Тибет медицинасында дәрілік шөптерді жинаумен діни дәрежесі бар арнайы оқытылған эмчи-ламалар айналысады.
Қыздырудың екі түрі бар: жанаспалы және жанасусыз.. Бірінші жағдайда биологиялық белсенді нүктелерді қыздыру сарымсақ немесе зімбір пластинасын пайдалана отырып, тура адамның терісінде жүргізеді. Қазіргі таңда жанасусыз қыздыру өте танымал, себебі мұнда шамадан тыс қыздыру қауіпі мүлдем жоқ. Жанасусыз түрі кезінде, қыздыру терінің бетінен бір жарым – екі сантиметрде орналасқан жусан сигарасымен жүргізіледі және аймақ қызарғанға дейін бірнеше минут ұсталады. Жанасусыз қыздырудың тағы бір түрі бар, ол кезде акупунктуралық инені және моксаны қолданады. Әсер етудің орнына инені орнатқан кезде, оның ұшына моксаны бекітеді және жандырады, ол бірнеше минут бықсиды. Соңында жылу ине салынған нүктеде өндіріледі. Қалаған әсерге жеткен соң, мокса сөндіріледі және ине алынады.
Моксотерапия бронх-өкпе ауруларын, омыртқадағы дистрофиялық процестерін, ісінулерді емдеу кезінде, буындар аурулары және лимфостаздар кезінде, жүйке бұзылыстары, ұйқы бұзылыстары, созылмалы шаршағандық және ауырсыну синдромдар мен көптеген басқа аурулар кезінде қолданылады. Күйдірудің қауіпсіз екеніне және шығыс медицинасының тәжірибесінде ұзақ уақыт пайдаланатынына қарамастан, бұл әдіс барлық адамдар үшін жарамайды. Оны негізінде суықтан болған ауруларға шалдыққан емделушілерді емдеу үшін қолданады. Сондай-ақ бұл әдіс барлық аурулар кезінде пайдаланылмайды, сонымен қатар кейде жылудың көп мөлшері ағза үшін зиянды болады.