«РИНЧЕНЛИНГ» ДӘСТҮРЛІ ТИБЕТ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ

ЦЕНТР ТРАДИЦИОННОЙ ТИБЕТСКОЙ МЕДИЦИНЫ

Қазіргі уақытта, жүз жыл бұрын болғандай, тибет медицинасының пайда болуы туралы мәселе ашық күйде қалуда. Осының себебі заманауи қоғамда ғана емес, сондай-ақ ежелгі заманда да маңыздылығы зор болған діни, сонымен қатар саяси уәждер болады.
Тибет медицинасының қайнар көзі Шанг-шунг ежелгі мемлекетінен басталады (оның тіршілік етуінің өзі қазіргі заманға дейін тибет саясатшыларымен, сондай-ақ кейбір «рухани» көшбасшылармен жоққа шығарылады). Шанг-шунгтың мемлекеттік діні, «буддизмге дейінгі» Тибет сияқты, Юндрун Бон ілімі («Свастика ілімі») болып табылды. Бұл ілімді табыстаған Тонпа Шенраб Мивоче. Шенраба Мивоче ілімінің басты сақтаушылары, қамқоршылары және дәріптеушілері оның ұлдары және басты шәкірттері болған. «Сокровищница драгоценных повествований» былай делінген: ХЕ-ден шыққан Гьялме патшайымда Тобу Бумсан және Чебу Трише ұлдары болды.  Дәл Чебу Трише медицинаның барлық тантраларын (диагностика) жинап, «Төрт жиналыс» - БУМ ШИ құрастырды. Юндрун Бон дәстүрлі тибет діні және Үндістаннан әкелінген Буддизм арасындағы байырғы қарама-қайшылық тибет медицинасының, астрологиясының, жазуының, мәдениеті мен дәстүрлерінің пайда болу тарихына қатысты мәселелерді зерттеуде тибет тарихшыларының (және олар ғана емес) сүріне беретін тап сол кедергі тастың өзі болып табылады. 

Бон дереккөздеріне сәйкес, «Бум-ши» бірінші медициналық трактаты («Төрт жиналыс») шанг-шунг тілінен тибет тіліне 2000-нан астам жылдан бұрын аударылған.
Әлбетте, тибет медицинасы дамуының жүздеген жыл бойы үнді, қытай, монгол, парсы – әртүрлі медициналық дәстүрлерден алынған алыс-берістер болды, осының көптеген дәлелдерін біз тибет Буддизмінің кез келген мектептерінен алынған тарихи трактаттардан таба аламыз.

Алыс-берістер белгілі бір, жеке алынған дәстүрді дамыту мақсатымен ғана емес, сондай-ақ тірі ағзаларды азап шегуден айыратын емдеу әдістерінің барынша көп санын зерттеу мен пайдалану мақсатында болып тұрды.

Осылайша, қазіргі уақытта Тибетте екі негізгі медициналық дәстүрлер сақталып, тәжірибеге алынған: 1) Буддистік, «Чжуд-ши» трактатына негізделген және 2) Бон, «Бум-ши» мәтініне негізделген. Дәстүрлердің екеуі де диагностиканың, емдеудің, дәрі-дәрмектер жасаудың және т.б. ұқсас әдістерін пайдаланып, бір-бірінен айырмашылығы шамалы.

Біз тибет медицинасының шығуы туралы екі негізгі нұсқаны қабылдасақ та (Буддистік немесе Бон), ең бастысы, осы екі дәстүрді біріктіретін бір-ақ нәрсе – барлық тірі ағзаларды азап шегуден айықтыру (діни наным-сенімдерге қарамастан).

Тибет медицинасының буддистік шығу нұсқасына сәйкес, б.д. V ғасырынан бастап, көршілес Үндістан мен Қытайдан Тибетке алғашқы буддистік миссионерлер келе бастайды. Б.д. VII ғасырында Сонцзан-гампо тибет патшасы қытай және непал ханшайымдарына үйленді, олармен бірге Тибетке буддистік әдебиеттің көп санын әкелген медиктер, астрологтар мен философтар келді. Мәтіндердің тибет тіліне аудармасы басталады. Үнді дәрігері Бхаратраджа, қытайлық дәрігер Хань Ванхан және парсы дәрігері Галенос тибет тіліне өздерінің медициналық жүйелерінің бір-бір трактатын аударып, осыдан «Оружие бесстрашия» тибет медициналық мәтінін құрастырды. Хирургиялық оталарды жасауда үлкен тәжірибесі бар парсы дәрігері Галенос Тибеттің түрлі өңірлерінде тәжірибемен айналысқан өзінің үш ұлының арқасында медиктердің тұтас бір желісінің негізін құрады.

Шакьямуни Будда шамамен б.д. дейінгі 961 жылы дүниеге келген және б.д. дейінгі 881 жылға дейін өмір сүрді. Өмір бойы ол Будда Дхармаға бағыт көрсетті (Буддизм ретінде белгілі). Бұл дін Тибетке Тотори Ньянцен Королінің билігі кезінде б.д. 245-364 жж. келді(Сориг Кунс Дус трактатына сәйкес).

Кейіннен буддистік ілімдер таралып, мемлекеттік дінге айналып, жергілікті мәдениеттің барлық салаларын қамтиды.

Б.д. VIII ғасырында. тибет дәрігері Ютог Йонден Гонпо (аға Ютог-па) медициналық дереккөздер негізінде осы күнге дейін тибет медицинасын зерттеу бойынша негізгі оқу құралы болып табылатын «Чжуд-ши» («Төрт тантра»), мәтінін құрастырды. Бұл ұлы дәрігердің өмірі ерекше назар аударуға лайықты.

Үш жасында Ютог-па өзінің әкесі Шунг-по Доржеге кітап оқу мен жаза білетінін, сонымен қатар өткен өмірлерінен медицина, астрология және философия бойынша көптеген жатқа оқыған трактаттардың есінде екенін мәлімдеді,
Ол он жасқа келген кезде, бүкіл Лхаса Ютог-па дәрігерді білетін. 15 жасында ол Тибеттің патшасы Трисондеценді емдеді. Трисондецен Тибетке тоғыз елден тоғыз дәрігерді шақырды, Ютог-па диспутта барлығын жеңіп шықты және де олар Ютог-па олардың Ұстазы болыңызшы деп өтінді. 25 жасында Ютог-па Үндістанға үш рет саяхаттап, онда түрлі даналармен және қасиетті тақуалармен кездесті.

85 жасында 15 жастағы сүлу Дорже Цзомоға үйленді (дакиня және Хаягрива мен Ваджраварахидің қызы болып табылатын). 90 жасқа келген Ютог-пада тұңғыш ұлы— Бумсен, 96 жасында екінші ұлы — Гаген дүниеге келді. 125 жасында Ютог-па зайыбы Дорже Цзомомен бірге «Радужное тело» іске асырып, Судуршанның «Дәрілердің аспан қаласына» жібереді. Бұл ұлы Ұстаздың және нағыз Тәжірибешінің бүкіл өмірі таңғажайып оқиғаларға және сиқырлы істерге толы, тибет дәстүрінде ол шынымен Емшілік Будда бейнелеуінің бірі болып саналады.