Диагностика

Диагностика

Дұрыс қойылған диагноздан дұрыс емдеу және де тіпті адамның тағдыры байланысты болады. Мұнымен дауласу қиын.

Мыңдаған жылдар бойы тарихы бар тибет медицинасы бірінші орынға «аурудың келбетін тануда» әрдайым үш әдіс қолданған. «Чжуд-ши» диагностикасы үш тармағы бар аллегориялық дарақ түрінде келтіріліп, әрқайсысы мына әдістен тұратын: сауалнама, қарап-тексеру, тамыр соғуы диагностикасы. Олардың көмегімен дәрігер ағзада өмірлік бастамалардың (доша) қайсысы теңгерімнен шығып кеткенін және осыған байланысты қандай шараларды қолдану керектігін қатесіз анықтаған.

Сауалнама

Сауалнама ауру диагностикасының ең маңызды құраушысы болып табылады. «Аурудың мәнін анықтау үшін, ең алдымен оның қоздыруын тудырған жағдайларды анықтау қажет.» («Чжуд-Ши», Түсіндірмелер тантрасы). Осындай тексеру арқылы ауруларды айырып тану жүргізіледі, ал бұл әртүрлі ауруларды [тікелей алдындағы] емдеудің маңызды құраушысы болып табылады. Диагноз қойылған кезде аурулардың белгілеріне сүйену қажет. Аурудың мәні және аурудың белгісі арасындағы байланыс от пен түтіннің байланысына ұқсас [мынадай мағынада] аурудың мәні аурудың белгілерінегізінде болады [немесе, басқаша айтқанда], белгілер ауру мәнінің қысқаша көріністері болып табылады, сондықтан белгілер бойынша аурудың мәнін айырып тануға болады –түтін арқылы адамдар оттың бар екенін білгенге ұқсас, сыртқы көріністер бойынша [аурудың] [ішкі] мәнін анықтауға болады. Осыған сүйене отырып, «диагнозды қою» деп аталатын [ауруды] анықтау мүмкіндігіне негізделген – ол кейде қаншалықты қарама-қайшы болғанымен – [аурудың] сыртқы көрінстерін мұқият тексеру арқылы әрі қарай тибет медицинасының дәрігері [аталған] ауруды тудыратын жағдайлар позициясынан тексеруді жүргізеді, аурудың көрсетілген белгілерінің позициясынан тексеру және ненің зиян келтіріп, ненің көмекке келетіні жайлы

позициядан. Мысалы, егер біз диетада, өмір сүру салтында және т.с.с. қандай себептер мен жағдайлардың аталған ауруды тудырғанын анықтай алсақ, онда бізге аурудың мәні туралы бастапқы түсінікті алуға  болады; егер «аурудың белгілерін» егжей-тегжейлі зерттей алсақ, біз аурудың қаншалықты қауіпті екенін және оның нақты қай жерде орналасқанын түсіне аламыз; немесе ненің зиян келтіріп, ненің көмектесетінін [диетада, өмір сүру салтында және т.с.с.], мұқият зерттей аламыз, бұл аурудың мәнін бұдан да [нақтырақ] белгілеуге және [тиісті] емдеді таңдауға көмектеседі.

«Сөйлеу арқылы сауалнама» деп айтылатын туралы: сауалнама арқылы аталған ауруды қандай себептер мен жағдайлардың туындағаны, аурудың [басталуынан] қанша уақыттың өткені, қазіргі сәтте аурудың өзін қалайша [көрсететіні], қай жердің ауыратыны, [аурудың көріністері] төңірек пен маусымнан қалайша байланысты екені, диетаның, өмір сүру салтының, дәрі-дәрмектердің және емшаралардың қандай түрлерінің көмектесетіні, ал қайсысы зиян келтіретіні және т.с.с. [анықталады] – осы сұрақтарға жауаптарды талдау негізінде аурудың мәні анықталады: тексерудің барлық әдістері арасында сауалнама ең маңызы болып табылады, [бұл әдіс] басқаша «тыңдай білу» деп аталады.

Емделушіге сауалнама жүргізу кезінде алынған деректер тексерудің деректерімен және тамыр соғуының зерттеуімен толықтырылады.

Қарап-тексеру

Қарап-тексеру көз жүгірте, сондай-ақ мұқият болуы мүмкін, бұл аурудың күрделігіне байланысты. Тілдесудің ең алғашқы минуттарынан бастап дәрігер оған қабылдауға келген емделушіні бақылайды. Бақылау барысында тибет медицинасының дәрігері адамның дене

бітімін және, тиісінше, белгілі типке тән денсаулық проблемаларының шеңберін анықтайды.

Емделушінің өзін қалай ұстайтынына, ымдауына, оның көзқарасына, дауысына, өзі жайлы сөйлегеніне және бұл кезде қандай сезімдерде болатынына қарай, дәрігер сырқаттың сипаты туралы сол немесе өзге түсінік жасайды. Бұл алғашқы алған әсер емделушінің келесі сауалнамасы үшін түрткі және бастапқы нүктесі болады.

Мұқият қарап-тексеруге тілді, көздерді, көзге көрінетін шырышты қабықтарды, тері жамылғыларын, лимфалық түйіндерді, бұлшықеттерді. омыртқаны, буындарды, қарынды сипап тексеру кіреді. Сипап тексеру арқылы жоғары ауырсыну сезімталдық бар жерлер, сол немесе өзге ішкі мүшелерге сәйкес келетін акупунктура нүктелерінің ауырсынуы анықталады, бұл нүктелерге басқан кезде ауырсыну олар сәйкес келетін мүшелердің нашарлығын білдіреді. Сонымен қатар қарап-тексеруге қажет болған кезде нәжістерді, соның ішінде несепті тексеру мен бағалау кіреді. Сауалнама мен қарап-тексерудің барлық деректеріне сәйкес келтіріп, оларды тамыр соғуы диагностикасымен растап, дәрігер емделушінің нақты қандай ауруға немесе аурулардың тұтас кешеніне шалдыққаны туралы және осыың себебі туралы қорытынды тұжырым жасайды. Келесі қадам – тиісті емдеуді тағайындау.

Тамыр соғуы диагностикасы

Тибет медицинасының тәжірибелі дәрігерімен жүргізілген тамыр соғуы бойынша диагностика емделушіде бұрыннан қандай аурулардың болғанын, оның қазіргі сәтте немен ауыратынын, аурудың даму дәрежесін анықтауға, сонымен қатар егер адам өзінің денсаулығына назар аудармаған жағдайда, оны болашақта болуы мүмкін проблемалар жайлы ескертуге мүмкіндік береді. Тамыр соғуында әрбір жеке алған мүшенің және жалпы ағзаның жай-күйі көрсетіледі. Тибет медицинасының дәрігері тамыр соғуы диагностикасының көмегімен ауруды ең басынан, тіпті заманауи компьютерлік диагностиканың өзі ешқандай патологиялық өзгерістерді таба алмайтын сатыда анықтай алады. Тамыр соғуы диагностикасы диагностикасы аурудың «кіру есігін» табуға, яғни, қандай мүшеде бастапқыда патологиялық өзгерістердің туындағанын анықтауға мүмкіндік береді.

Тамыр соғуы диагностикасын жүргізу әдістемесі

Біріншіден, тамыр соғуы диагностикасы кезінде тибет медицинасының дәрігері емделушіде тамыр соғуы пен тыныс алу арасындағы байланысты тексереді.

Дені сау адамдарда әрбір дем алу-дем шығару кезінде (толық тыныс алу актісі) бес тамыр соғуы болуы тиіс. Егер соғулар саны бестен көп болса, онда бұл ыстық көтерілу мен қалтыраудың белгілері, егер бестен кем болса – адамның денесінде суық басымды.

Егер тамыр соғуы естілмейтін дерлік болса, бұл жаман, созылмалы суықты, мүшенің дисфункциясын білдіреді. Суықтың тамыр соғуы артерияға азды-көпті ұзақ басқан кезде (кез келген нүктеде) кенеттен жоғалып, естілмейтін болып, жіберген кезде оның қайтадан пайда болуымен анықталады.

Дәрігер сұқ, ортанғы және аты жоқ саусақтарын оң және сол қолдың білегіне салып, емделушінің тамыр соғуын зерттейді. Дәрігердің саусақтары салынатын емделушінің әрбір білегіндегі үш нүкте арқылы дәрігер он екі ішкі мүшенің – жүрек, көкбауыр және ұйқы безі, өкпе, бүйрек, ауыр, тоқ ішек, асқазан, аш ішек, қуық, өт, сондай-ақ ерлерде қуықасты безі және әйелдерде аналық без және жатыр қандай жай-күйде екенін түсіне алады.

Тамыр соғуының сипаттамасы бойынша ішкі мүшелердің жай-күйі анықталады, сол немесе өзге дене бітімінің ауытқу дәрежесі, сондай-ақ аурудың сипаты – «ыстық» немесе «суық» екені анықталады. Тамыр соғуын зерттеу кезінде тамыр соғуының жылдамдығы, оның ырғағы мен жиілігі, амплитудасы, күші, толықтығы, қаттылығы немесе жұмсақтығы және басқа да көрсеткіштер сияқты оннан астам параметр есепке алынады.

Суықтың әлсіз, тереңдікті, баяу, солғын, бос тамыр соғуы оларға тән аурулармен Жел және Шырыш типті адамдарда кездеседі. Жел-адамдар жүйке жүйесінің ауруларына, Шырыш типтің өкілдері – гормоналдық және лимфалық жүйенің бұзылыстарына бейімді. Өттің тамыр соғуы – күшті, түйінді, кернеулі, шапшаң, қатты. Жүрек, ЖИА, гипертониялық ауру, «ыстық тип» бойынша қант диабеті, өт-тас ауруы, созылмалы гепатит пен холецистит, панкреатит ауруларына бейімді. Тамыр соғуы диагностикасы үшін ең сәтті уақыт – таңертең ерте. Ниетті, тыныш жағдайды жасау өте маңызды.

Тамыр соғуы диагностикасын мыналардан кейін жүргізбеу ұсынылады:

– Алкогольді сусындарды қабылдау.

– Жүрек-қан тамыры препараттарын қабылдау.

– Есірткі заттарын қабылдау.

– Ауыр физикалық жүктемелер.

– Стресс жағдайында.